« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Елордадан барлық бағытқа шығатын жолдар қолайсыз ауа райына байланысты көліктің кез келген түрі үшін жабылды. Бұл жайында ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми сайтында жария етілді, деп хабарлайды BNews.kz.
"Қазақавтожол" РМК таратқан мәліметке сәйкес, 23 наурыз күні сағат 20:00-ден бастап ауа райының нашарлауына (көктайғақ) байланысты көлік құралдарының кез келген түрі үшін барлық бағыттағы қозғалысқа шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.
Бұдан басқа республикалық маңызы бар басқа да автожолдар да жабылды:
"Астана-Петропавл" а/ж (18-231 км);
"Жезқазған-Петропавл" а/ж (377-595 км, Қостанай обл. шекарасы мен СҚО шекарасы);
"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" а/ж (232-260 км, Қостанай обл. шекарасы мен Сұрған елді мекені);
"Жақсы-Есіл-Бұзылық" а/ж (0-82 км, Жақсы елді мекені мен Бұзылық елді мекені);
"Екатеринбург-Алматы" а/ж (856-1247 км, СҚО шекарасы мен Астана қаласы);
"Екатеринбург - Алматы" а/ж (1275-1353 км, Астана қаласы мен Қарағанды облысының шекарасы);
"Астана-Қорғалжын" а/ж (19-180 км, Астана қаласы мен Қорғалжын қорығы);
"Астана-Қабанбай батыр-облыс шекарасы" а/ж (16-51 км);
"Макинск-Ақсу-Торғай" а/ж (0-240 км, Макинск қаласы мен Торғай қаласы);
"Астана-Ерейментау-Шідерті" а/ж (16-205 км);
"Көкшетау-Атбасар" а/ж (48-184 км, Зеренді ауылы мен Атбасар қалсы).
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |