« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Ағымдағы жылдың 21 наурызында Сырдария өзенінде мұздың өту кезеңінде сең-мұздың тұрып қалуы себебінен Жалағаш ауданы «Далдабай» және Қармақшы ауданы «Қызылтам» елді мекендері арасындағы облыстық маңызы бар автожолда судың асуы орын алды.
Сол себептен автожол қозғалысы жабылды. Жергілікті полиция қызметі күшімен бекет қойылды, кезекшілік ұйымдастырылды.
ТЖД бөлімшелерінің күшімен (15 адам, 2 бірлік техника) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп (70 адам, 5 бірлік техника) ұзындығы 400 метр автожол бойында жолды топырақпен бекіту жұмысы жүргізілді.
Жергілікті атқарушы органдар су асып кетпеу үшін бөгет жасауға 100 тоннаға жуық инертті материал әкеліп, 2500 дана қап топырақ салды.
Ағымдағы жылдың 21 наурызында 18 сағат 30 минутта судың асуы тоқтады. Елді-мекендерді су басу қаупі жоқ. Судың деңгейі төмендеді, сең жүру процесі жалғасуда.
ТЖД қызметкерлерінің күшімен мұздың өтуіне мониторинг жүргізілуде.
Қармақшы ауданының орталығы «Жосалы» кентінде ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» бір бөлімшесінің кезекшілігі ұйымдастырылды.
Қызылорда облысы ТЖД
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |