Бү.гін, 13 наурызда Жалағаш ауданында «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді.
Шараға «Нұр Отан» Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісінің орынбасары Жұмажан Жүкенов пен Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасының орынбасары Талғат Мұсаханов арнайы қатысты.
Акция шеңберінде мемлекет саясатын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіруге бағытталған халықпен кездесу өткізілді. Халыққа Қазақстан Республикасының құқықтық нормативті актілерді кеңінен түсіндіріліп, қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Халықтың полиция қызметкерлеріне қатысты сауалдары тыңдалып, жұртшылықпен кездесу кезінде «полиция қызметкерлерінің қызмет атқару барысы» жайлы азаматтардың құқықтарының сақталуы туралы сауалнамалар жүргізілді.