Дария деңгейі бақылауда ұсталуда

 Дария деңгейі бақылауда ұсталудаШиелі. Аудан көлемінде дария бойы ұдай бақылауда ұсталып отыр. Осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев бастаған жұмысшы тобы Сырдария өзеніндегі ахуалмен жете танысты. 
Облыс әкімінің орынбасары орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға байланысты аудандағы қауіпті учаскелерді күнделікті қатаң бақылауға алуға назар аудару қажеттігіне тоқталды. Жұмысшы топ мүшелері Жөлек ауылдық округіне қарасты «Жөлек» қауіпті учаскесінің жағдайымен танысты. Топ құрамында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы С.Өмірзақов және Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясының басшысы Ә.Қарлыханов бар. Соңғы дерек бойынша Жаңақорған ауданынан жылжыған сең Жаңа Шиелі магистральді каналы бас сағасынан (Бақтысай) қорғаныс бөгетінен, Қарғалы ауылдық округіндегі екінші қауіпті учаске саналатын «Ақ қала» қорғаныс бөгетінен өтіп, бүгінде аудан бойынша үшінші қауіпті учаске саналатын «Ақтам-Мешеулі» қорғаныс бөгетіне жылжуда. Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен бірге аудандық штаб мүшелері бірігіп күнделікті жылжыған сеңді қауіпсіз өткізу жұмыстарын атқаруда.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 наурыз 2014 г. 817 0