Чехияның Прага қаласында теннистен 5 елдің мықты спортшыларының басын қосқан халықаралық жарыс аяқталды. Аталмыш жарыста 14 жасқа дейін жасөспірім ұлдар мен қыздар бір апта бойына жекелей және жұптық бәсекеде шеберлік байқасты.
Қыздар арасында өнер көрсеткен жерлестеріміз Ляйла Меңдиярова мен Нұрай Кубенова халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды. «Нұрсәт» теннис орталығында жаттығатын қос спортшының жаттықтырушысы – Дмитрий Денисеня.