21 наурыз1968 – табын, кете, адай, таз, қысық, шеркес, есентемір руларының қарулы көтерілісшілері Гурьев қаласындағы ұйымдастыру комиссиясына шабуыл жасап, 10 көлік пен 900 сомның бағалы затын қолға түсірді. Бұл наразылық патша үкіметінің бұқара халықты қанауы жылдан жылға күшейе түскеніне, қазақ жерін өлшеусіз кесіп ала бастағанына байланысты туған еді. Мысалы, Жайық өзенінің оң жағалауынан қырға қарай 25 шақырым жер алынып, Орал, Орынбор қазақ-орыс әскерлеріне берілген.
1919 – Орал облысының Бөрілі және онымен көршілес болыстарындағы қазақ ауылдарынан өз еріктерімен Орал қаласына келген жігіттерден Қазақтың бірінші ерекше дивизионы құрылды.
1925 – қазақтың ғажайып ақыны, көркем сөздің зергері Қуандық Шаңғытбаев дүниеге келді. Аударма өнерінің классигі А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романы аудармасының екі нұсқасын /1949,1985/ жасап шыққан.