
Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі, «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен рейд жүрді. Ол үкіметтік емес ұйым өкілдері, аудандық білім бөлімі, жергілікті полиция бөлімімен бірлесіп өтті.
Жастар арасында құқықбұзушылықтың және кәмелет жасқа толмағандардың беймезгіл уақытта жүруінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шарада Жосалы кент орталығындағы адам көп шоғырланатын орындарда, кафе мен ойын-сауық орталықтарын аралады.