ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ЕНДІ ТҮРКІБАСЫ АТАЛУЫ МҮМКІН


    Оңтүстік Қазақстан облысында Түлкібас ауданын Түркібасы деп атау қолдау тапты. Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті ХІ сессиясында депутаттар осы ұсынысқа дауыс берді, деп хабарлайды http://www.inform.kz.   

 Жалпы 21 мәселе қаралған сессияда депутаттар республикалық ономастика комиссиясының қарауына Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының атауын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізді. Халық қалаулыларының пікірінше, талай тұлғалар түлеп ұшқан киелі мекен Түлкібас ауданының атауын «Түркібасы» деп өзгерту туралы ұсыныс дер кезінде көтеріліп отыр. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірдегі жер, су аттары тарихи атауларына қайта қол жеткізіп келеді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.  

   – Соңғы жылдары бұл мәселе бірнеше рет көтерілді. Кеңес заманында ауданның тарихи аты бұрмаланғаны тарихшы ғалымдарға да белгілі. Сондықтан Түлкібасы атауын Түркібасы деп өзгерту туралы ұсынысты бірауыздан қолдаймын. Аталған мәселе облыстық әкімдік пен облыстық мәслихат тиісті шешім шығарып, облыстық ономастикалық комиссияда қаралды. Соңғы шешімді республикалық ономастикалық комиссия қабылдайтын болады, - деді осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2018 г. 685 0