Жаңақорғанда жастар 29,5 пайызды құрайды

Жаңақорғанда жастар 29,5 пайызды құрайдыЖаңақорған. Ауданда 14 пен 29 жас аралығында 27014 жас бар. Бұл аудан халқының 29,5 пайызын құрайды. 
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында «Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына 2013 жылы 4 млн 100 мың теңге қаржы қаралып, 23 әлеуметтік қызмет ұйымдастырылған. Нәтижесінде жыл соңына дейін 2 рет сауалнама, 9 рет семинар, 34 кездесу, 2 рет фестиваль, 14 спорттық шара, 3 рет байқау, 2 рет дебат ойыны, 2 рет тарихи орындарға саяхат, 1 рет жастар форумы өткізілген. Ал 2014 жылы аудандағы жастар саясатын дамыту мақсатында жергілікті бюджеттен 4 млн 387 мың теңге қаржы қаралып отыр. «Бөлінген қаражат аясында аудандағы шығармашыл жастардың әлеуетін арттыру, кешенді бағдарламаларды насихаттау, аудан жастарының өзара әрекеттестік қызметінің жұмыстарын ұйымдастыру және жастарға патриоттық тәрбие беру, азаматтық белсенділігін арттыру жобалары іске асады деп күтілуде» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 наурыз 2014 г. 828 0