Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды

Қазақстанның екі бірдей облысында көктайғақ пен ауа райы салдарынан жолдар жабылды. Бұл туралы «Казахавтодор» ЖШС ақпарат таратты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысында 20 наурыз сағат 03:00-ден бастап республикалық «Орал-Атырау» (Атырау облысының шекарасы – Чапаево ауылы, 129-311 км) трассасы барлық транспорт түрі үшін жабылды.

20 наурыз сағат 04:55-тен бастап Ақтөбе облысындағы руспубликалық: «Самара-Шымкент» (Қарабұтақ және Белогорка ауылдарының арасы, 773-965 км), «Самара-Шымкент» (БҚО шекарасы – Ақтөбе, 723-526 км), «Ақтөбе-Орск» (РФ шекарасы, Шәмші Қалдаяқов ауылы, 39-135 км), «Ақтөбе-Оренбург» (РФ шекарасы, Хлебодаровка ауылы, 24-99 км), «Ақтөбе-Астрахань» (Ақтөбе-Қандыағаш, 11-92 км), «Солтүстік айналым» (Ақтөбе айналмалы жолы, 0-39 км) жолдары жүк және жолаушылар тасымалдау үшін жабық.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2018 г. 521 0