Жалпыхалықтық сенбілік

Қызылорда облысы Қылмыстық атқару жүйесі  департаменті ЗК-169/5 мекемесі басшылығының ұйымдастыруымен «Ұлыстың Ұлы күні –Наурыз» мейрамына орай №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. 

Айтулы мереке қарсаңындағы сенбілік шарасында  мекеме аумағы тазартылып, сондай-ақ, абаттанып, көркеюі жолында  қолға күрек алып, білек сыбана кіріскен мекеме қызметкерлері мекеме аумағына 100 түп ағаш көшеттері мен, 100 тал раушан гүлін және 2 түп шырша ағашының көшетін отырғызды. Қөктемнің алғашқы мезгілінде көнекөз қарияларымызды назардан тыс қалдырмай, оларға деген құрметтің сақталуы жолында жасалып жатқан осындай игі шаралардың бірнеше жылдар бойы жалғасын тауып, дәстүрге айналуының өзі жастарымыздың бойында адами құндылықтардың қалыптасуына ықпал етіп, қарттарымызды қадірлеп, құрметтеуді естен шығармауға шақыратындығын атап өткен  ЗК-169/5 мекемесі бастығының жалпы сұрақтары жөніндегі орынбасары әділет майоры С.Тоқтамысов қазыналы қарттарымызды күн мен түннің теңескен, адам аузы аққа, мал тұяғы көкке тиген, табиғат ана тамылжып, қыс бойы қар құрсауында болған тіршілік оянатын, жер мен көк жаңаратын мезгіл – әз-Наурыз мейрамымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

ЗК-169/5 мекемесінің 

мемлекеттік тілде аудармашысы                                                 А.Бакирова

                                                                                  

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2018 г. 472 0