« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
2018 жылғы 16 наурызда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мемлекеттік тілде аудармашысы Д.Достанованың ұйымдастыруымен мекеменің тіл мамандары мен Қызылорда облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығының оқытушысы Ортаева Ләззат Абайқызының қатысуымен «Құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы және тіл саясатына қатысты нормативтік актілердің жүзеге асырылу барысына талдау жасау, мекеме қызметкерлерінің қазақ тілін меңгеру және іс жүргізу деңгейін анықтау, құжаттар тілі мен іс-қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты дайындауда тәжірибе алмасу. ҚАЖ департаментінің мемлекеттік тілде аудармашысы Д.Достанова өз баяндамасында ресми құжаттарды ресімдеуге қазақ емлесі ережелерінің сақталуы, ісқағаздардағы мәлімет қысқа, нақты және белгілі бір ізбен жүйелі жазылуын, «қазақ тілінің негізгі ережелерін» басшылыққа алып отыруымыз қажет екендігін баса айтты. Қызылорда облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығының оқытушысы Ләззат Абайқызы Ортаева мемлекеттік тілде іс жүргізуде қандай нормативтік құжаттарды басшылыққа алуға болатынын, ресми қағаздардың әзірленуі туралы айтып өтіп және мекеменің тіл мамандарының сұрақтарына толықтай жауап берді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |