« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Елімізде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 - 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы іске асырылуда. Аталған кешенді стратегия ҚР қылмыстық-атқару жүйесіндегі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды ынталандыру негізінде заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастырып, оған берілетін әлеуметтік-құқықтық көмек тиімділігіне сенімін арттырып, қоғамға бейімделу мүмкіндігі қарастырылған.
Осыған байланысты Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаметінің Қазалы аудандық пробация қызметі Жалаңтөс батыр атындағы орталық стадионда пробация қызметі есебіндегі сотталғандар арасында армрестлинг, тир ату, шахмат-дойбы спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды. Жарыста 18 қатысушы бақ сынап, жүлдегерлер арнайы дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес, Пробация қызметінің есебінде тұрған А.Утеновке атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |