Үстіміздегі жылдың 3-12 наурызы аралығында Шымкент қаласында 1997 жылы өмірге келген жасөспірімдер арасында футболдан Білім және ғылым министрлігінің чемпионаты өтті.
Жарысқа 12 команда қатысып, 3 топқа бөлініп ойнады. Аталмыш жарыста Қызылорда облысының мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің футбол жөніндегі № 6 спорт мектебінің спортшылары Павлодар облысының командасын негізгі ойында тең түсіп, 11 метрлік айып добымен 3:0 есебімен ұтты. Талдықорған қаласының командасымен де тең ойнап, айып добымен 4:2 есебімен жеңді. Ақтық сында Шымкент қаласының №7 БЖСМ командасынан ұтылып, күміс жүлдені иеленді. Қызылорда облысының командасын жарысқа Төребек Жақсылық пен Мақсат Әжімбетов дайындады.