Еліміздің 9 облысында ескерту жарияланды

  Қазақстанның 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 
16-18 наурыз күндері Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болып, кей жерлерде күшеюіне және күннің жылынуына байланысты қарлар еріп, өзендердің арнасынан тасып, шабындықтарға жайылу қаупі бар. 16-17 наурызда Қарағанды облысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болып, облыстың оңтүстігінде күшеюіне және күннің жылынуына байланысты қарлар еріп, өзендердің арнасынан тасып, шабындықтарға жайылу қаупі бар.
17-18 наурызда Қостанай және Ақтөбе облыстарында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болып, кей жерлерде күшеюіне және күннің жылынуына байланысты қарлар еріп, өзендердің арнасынан тасып, шабындықтарға жайылу қаупі бар. 18 наурызда Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болып, кей жерлерде күшеюіне және күннің жылынуына байланысты қарлар еріп, өзендердің арнасынан тасып, шабындықтарға жайылу қаупі бар.
18 наурызда Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болып, кей жерлерде күшеюіне және күннің жылынуына байланысты қарлар еріп, өзендер арнасын сең бууы мүмкін, су өзендерден тасып, шабындықтарға жайылу қаупі бар.  

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2018 г. 626 0