« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
«Евразия» спорт кешенінде «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен «Бәріңде жарысқа!» атты орта мектеп оқушылары арасындағы облыстық ақтық жарыс өткізілді.
Осымен жиырма төртінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда қаласы мен 7 ауданнан 10 команда 230 спортшы 5 эстафеталық сайыс бойынша бақ сынасты.
Жарыс 3 кезең бойынша өтті. 1-ші кезеңі әр ауылдық округте іріктеу жарысы өткізілсе, 2-ші кезеңі жартылай финал жарыстары аудан орталықтарында өткізілді. Ал 3-ші кезеңі облыс орталығында финалдық жарыс өткізілді.
Нәтижесінде Қызылорда қаласының №198 орта мектеп командасы жарыстың жеңімпазы атанды.
Қызылорда қаласының №23 мектеп-лицей - екінші орынды иеленсе, қазалылық №249 орта мектебі – үшінші орыннан көрінді. Төртінші орынды - Сырдария ауданының №137, бесінші орынды – Қызылорда қаласының №235 орта мектеп командалары еншіледі.
Одан кейінгі орындарға № 250 (Қармақшы), №34 (Жалағаш), № 62 (Арал), №156 (Шиелі) және № 239 мектептер (Жаңақорған) ие болды.
Айта кетейік, былтырғы жылы №23 мекеп-лицей командасы бірінші орынды жеңіп алған болатын.
1-5 орындарды иеленген командалар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кубок, алғыс хат, медаль және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |