Бұл туралы
Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Дәл осындай мәртебеге әнші Ділназ Ахмадиева да ие болды. Оның өмірбаяны ағылшын тілі оқулығына енген. Ахмадиева қуанышты жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті.Кітапта: “Ділназ Ахмадиева 1980 жылы туған. Ол небәрі 4 жасында фильмге түсіп, 6 жасында Алматы сахнасына шыққан. Ол 1990 жылдары танылды және бүгінде оның қоржынында 5 ән жинақ бар. Ол Азия және Еуропа елдерінде, сондай-ақ, Америка сахнасында өнер көрсеткен”, – деп жазылған.Мұны көрген Ахмадиева кітап авторларына деген ризашылығын жеткізді.“Рақмет, қуанып қалдым”, – деп жазды ол.