Жалағаш. Облыс әкімінің интернет-ресурстарымен жұмысты күшейту туралы тапсырмасына сәйкес, кент орталығында орналасқан № 31 орта мектепте «Әлеуметтік желінің маңыздылығы» тақырыбында семинар өткізілді. Оны аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырды.
Семинарға аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлімдердің ақпараттық-саясатқа жауапты мамандары қатысты. Шара барысында қатысушыларға бүгінгі таңдағы әлеуметтік желілерді игерудің маңыздылығы, түрлі сайттармен ұмыс жасау жолдары мен тиімділігі айтылды. Атап айтқанда, «Facebook», «Twitter», «VKонтакте» және т.б. әлеуметтік желілермен жұмыс жүргізу, солар арқылы тиімді ақпарат жолдау ткралы түсіндірілді.