Қармақшы. Аудандағы Иіркөл ауылының тұрғыны Есенова Зухра Қазиқызы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 700 мың теңге несие алып, мал басын көбейтумен айналысуда.
Қазіргі уақытта әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартуда мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, ел игілігіне жүзеге асуда. Ауыл халқы кәсіпкерліктің отбасылық әлеуметтік жағдайының көтерілуіне тигізер пайдасына жыл өткен сайын көз жеткізіп келеді.