« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Облыс әкімінің 2017-2018 жылдардағы арналған Қызылорда облысы бойынша автомобиль көлігімен жүктер мен жолаушыларды тасымалдауды дамытуына бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес, жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктер арасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мен қоғамдық көліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айының 27-нен наурыз айының 1 күндері аралығында облыс аумағында ОІІД Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция қызметі, Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөліністерімен, Кірістер департаменті және қоғамдық бақылау өкілдерімен бірлесіп, «Автобус» профилактикалық іс-шарасының өткізілді.
Іс-шара барысында көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, жоспардан тыс және жоспарланған тексеру жұмыстарын жүргізу үшін көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу, оның ішінде тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару, сондай-ақ рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығарып, белгіленген жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол берілген деректерді анықталды.
Іс-шараның барысында автобус жүргізушілерімен барлығы 212 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 590.9-бабымен (көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген 15 автокөлік, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабымен (көлік құралын тиісті құжатсыз басқару) 18 жүргізуші құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқару дерегі анықталып, автокөліктер айып алаңына қойылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабымен 11 жүргізуші жылдамдықты асырып көлік басқарса, ҚР ӘҚБтК-нің 590.7-бабымен 3 жүргізуші тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған.
ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабымен, яғни жаяу жүргіншіге жол беру қағидатын бұзғаны үшін 7 автобус жүргізушілеріне әкімшілік хаттама рәсімделіп, рейс алдындағы медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргізушінің басқаруына рұқсат беру бойынша -1 дерек анықталды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |