Төрт түлікті түлеткен көбейді

Төрт түлікті түлеткен көбейдіЖаңақорған. Мемлекеттің мал шаруашылығын қолдау көмегін тауар өндірушілер жыл сайын тиімді пайдаланып келеді. 
Атап айтқанда аудан бойынша 2010 жылы 48,2 млн. теңге, 2011 жылы 62,0 млн. теңге, 2012 жылы 143,0 млн. теңге, 2013 жылы 210,0 млн. теңге субсидия берілді. Қожамберді ауылдық округіндегі «Нұрболат» ШҚ 13500,0 мың теңгенің бордақыланған қой етін, «Бақытжан» ШҚ 5328,0 мың теңгенің бордақыланған сиыр етін, 1987,2 мың теңгенің бордақыланған жылқы етін, 2160,0 мың теңгенің қой етін, «Бозінген» ШҚ 368,0 мың теңгенің бордақыланған сиыр етін сатып субсидия қаржысын игерді. Сонымен қатар, «Нұрболат» ШҚ мал бордақылау алаңында өз меншігіндегі малын семіртіп, өңдеп сатуды қамтамасыз етіп отыр. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы кезеңде осындай мақсаттағы жұмыстарды «Мырзабай», «Көбелдес», «Бақытжан» шаруа қожалықтары мал сою пункттерінің құрылысын салып жүзеге асыруды көздеп отыр.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 наурыз 2014 г. 738 0