« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазақстанда ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын түсуі мүмкін. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
«4-6 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жауын-шашын болуы ықтимал, кей жерлерде қатты жауған жауыннан қар мен мұз жамылғысы еріп, өзен арналары көтеріледі, сондай-ақ жазық жерлерде тасыған су жиналуы, су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) суреттері бойынша Алматы облысында (54%), Жамбыл (27%), Оңтүстік Қазақстан (14%), Қызылорда (66%), Атырау (55%), Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 99%, Шығыс Қазақстанда (92%) облыстарында қар жамылғысы жатыр», - делінген хабарламада.
Осылайша, 4-5 наурызда Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында күндізгі ауа температурасы +5 градусқа уақытша көтеріліп, қар мен жаңбыр жауады деп күтілуде.
6-7 наурызда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында ауа температурасы күндіз уақытша +5 градусқа, Шығыс Қазақстан облысында +3+8 градусқа дейін жоғарылайды. Осыған байланысты, қар еріп, мұз жамылғысы жібіп, өзен арналары көтеріліп, жазық жерлерде тасыған су жиналуы мүмкін. Су деңгейі көтеріліп, жайылымдық учаскелерге таралуы мүмкін.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |