Оқушылар Оңтүстік Кореядан жүлделі оралды

Қызылордалық оқушылар Оңтүстік Корея Республикасының Дэджон қаласында өтіп жатқан «Жас ғалым» Халықаралық жоба конкурсынан 4 жүлде еншіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық білім беру басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Басқарма мәліметтеріне қарағанда, ақпан айының 27-і мен 6 наурыз аралығына жоспарланған халықаралық деңгейдегі додаға Қызылорда облысынан барлығы 4 оқушы аттанған. Байқауда өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білген оқушылардың барлығы да жүлделі орындарды иемденді. Айтап айтқанда, Дінмұхамед Ақпан пен Евгений Демиденко І орынды жеңіп алса, Мағжан Бекетов ІІ орынға ие болды. Ал, Диана Валишаева ІІІ орынға табан тіреді. Дарынды оқушыларды ұстаз Қарлығаш Ақышева дайындаған. 




 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 наурыз 2018 г. 446 0