« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік құралдарына уақытша шектеу енгізілмек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жолдасов хабарлады.
– Жол желілерінің сақталуын қамтамасыз ету шаралары автокөліктерге көктем және жаз мезгілінде шектеу енгізуді талап етеді. Себебі, климаттық ерекшелік – жол бойындағы қозғалыс жағдайына, жұмыс режиміне тікелей әсер ететін фактордың бірі. Мәселен, қыс мезгілінен көктемге ауысу кезеңіндегі 0-15 градус аралығында жол желісі жұмсарып, ауыр салмақты көліктердің қозғалысына төтеп беру күшінен айырылады. Осыған қарап 40-50 тонна жүк тасымалдайтын көліктердің келтіретін зиянын бағамдауға болады. Айта кету керек, мұндай шектеулер жыл сайын енгізіледі және бұл тәжірибе ауа райы ұқсас өзге елдерде де қолданылады. V жол-климаттық аймаққа жататындықтан, бізде көктемгі шектеу 1 наурыздан 1 сәуірге дейін жүргізіледі. Өткен жылы шектеу бойынша бірқатар түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Дегенмен, заң талаптарын аттаған 177 жеке және заңды тұлға анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді инспекция басшысы.
Жиында халықаралық келісімдерге сәйкес төтенше жағдайларды жою және алдын-алу жөніндегі шараларды жүзеге асыратын, тез бұзылатын тауарлармен, дәрі-дәрмек тасымалымен айналысатын автомобильдерге шектеу қойылмайтыны айтылды. Сонымен қатар инспекция көктемгі шектеу кезіндегі заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырды. Науқан 1-3 наурыз аралығында Самара - Шымкент тас жолының 1835 шақырымындағы Бірқазан кентінің маңында өтеді.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |