Бүлдіршіндер бәсекесі

Елбасы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында алдағы жылдан бастап  мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандартын енгізу қажеттігін атап көрсетті.

«Сыр самалы» балабақшасында өткен «Ел болашағы- үш тілді еркін меңгеруде» тақырыбында интеллектуалдық сайысы осындай оқу машығының бір көрінісі.  Онда балалар «Достық» және «Ынтымақ» тобына бөлініп, өздерін таныстырудан бастап, «Сандар», «Жұмбақтар», «Жас суретшілер», «Ұяшық таңда»,  «Аудармашы тапқырлар» сайыстарында қабылеттерін байқатты. Бүлдіршіндер бәсекесінің тартымды өтуіне балабақшаның ағылшын және орыс тілі пәні мұғалімдері үлкен үлес қосқанын атап өткен жөн.

Шараға Ақсуат ауылдық округі Мәдениет үйінің директоры Асқар Мырзахметұлы қатысты.

                                                                                              Наргиза БЕКТАЙ,

                                       Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 4 курс студенті.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 ақпан 2018 г. 527 0