Шиелі. Мереке аясында Шиелі кентіндегі 6 және одан да көп бала туып, тәрбиелеп өсірген 20 анаға мемлекеттік наградалар табыс етілді.
Алыптарды дүниеге әкелген 6 ана «Алтын алқа», 14 ана «Күміс алқа» төсбелгісін омырауларына тақты. Батыр ана атанған азаматшаларымызға мерекелік бір шоқ гүл және бағалы сыйлықтар табыс ету барысында "Халқымызда Ананың сүйген жері - отқа күймейді, оқта тимейді - деген сөз бар. Осындай қасиет иесі атанған батыр аналарымыз бүгін еліміздің өсуіне демографиялық тұрғыдан зор үлес қосуда" - деді кент әкімі Насыр Марзабеков.