Қазалылықтар ақпанды құтты ай санайтын болды

Қазалылықтар ақпанды құтты ай санайтын болдыҚазалы. Ақпан айы - қазалылықтар үшін құтты ай болып тұр. Себебі, өткен жылғы ақпан айында Алпысбаевтар отбасында Айбол, Ербол, Нұрбол есімді үшем дүниеге келген болатын. 
Ал, биылғы ақпанда Қалиевтер әулетінің қатары үшеммен толықты. Қазір Диас, Мирас, Манас есімді бүлдіршіндердің жағдайы жақсы. Оларды қарау үшін теміржол ауруханасынан арнайы дәрігер бөлінген. Жас отбасылар Жаңабек пен Кенжегүлдің тағы бір ер балалары бар. 
Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Сұлтан Мақашов бастаған азаматтар үйлеріне арнайы барып, үшемдерді дүниеге әкелген жас аналарды құттықтады. Бүлдіршіндерге сыйлықтар тарту етті.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 наурыз 2014 г. 767 0