| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қалаға қарасты Ақсуат, Айдарлы, Бесарық елді мекендерінде қазақтың әншілік өнерінің аманатын арқалап жүрген дәстүрлі орындаушы, облыстық филармония әншісі Бақдәулет Қарғабаевтың «Ән-Аманат» атты концерті өтті.
Өзінің қоңыр үнімен тыңдарманның жүрегінен жол тапқан өнерпаздың концертінде сахна шымылдығы «Ел айырылған» халық күйімен түрілді. Асыл өнердің арқауын жалғаған әнші орындауындағы «Жайма қоңыр», «Ағайша», «Дүние-ай» сияқты халық әндері саф өнерге сусаған жұрттың қошеметіне бөленді. Мұнан кейін кеш «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі орындаған «Гүл-гүл жайна», «Тау ішінде», «Балымша», «Самалтау», «Гүлдариға», «Өсиет», «Сәулем-ай» сынды шығармалармен жалғасын тапты.
Ән кеші «Рухани жаңғыру» аясында ұйымдастырылды.
Жансая ҚЫДЫРБАЙ,
Қорқыт ата атындағы
ҚМУ-дың
4-курс студенті.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |