Жас өрендер сынға түсті

Жас өрендер сынға түстіЖаңақорған, Аудан орталығындағы спорт кешенінде таэквондодан аудандық топ аралық іріктеу жарысы өтті. 
Жарысқа 13 салмақ дәрежесі бойынша 60 спортшы қатысты. Буындары әлі бекіп үлгермеген жеткіншектеріміз өздерінің бар ұрыс тәсілдерін ортаға салды. Іріктеу барысында сайыстың ең кішкентай спортшысы 7 жасар Аружан Сабырханова өзінің қайсар қыз екендігін көрсете білді. Жарыс соңында бас төреші К.Нақышпанов пен қапталдағы төрешілер С.Құлжабеков, Ш.Акбаровтар жеңімпаз жас таэквондошыларды арнайы дипломдармен марапаттады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 наурыз 2014 г. 764 0