« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Қытайдың жоғары заң шығарушы органы - Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (БХӨЖ) 13-шақырылымына 6 қазақ депутат болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синьхуа агенттігінде жарияланған депутаттардың толық тізіміне Қытайда тұратын қазақ ұлтының 6 өкілі кірді. Олардың бесеуі Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінен, біреуі Қытай Халық-Азаттық Армиясының өкілі ретінде сайланды. Оның есімі - Мақпал, тегі жарияланбай отыр.
Айта кетейік, Қытай Халық-Азаттық Армиясының өкілі ретінде қазақ депутатының сайлануы Қытай тарихында тұңғыш рет тіркеліп отыр. Ал бұған дейінгі 12-шақырылымға Шыңжаң өлкесінен 5 қазақ депутат сайланған болатын.
Еске сала кетсек, 24 ақпан күні Бүкілқытайлық халық құрылтайының 12-кезекті тұрақты комитеті барлық 2980 депутаттың тізімін бекітті. 13-шақырылым өкілеттігі 2018 жылғы наурыздан 2023 жылға дейін созылады. Дауыс беру ел бойынша ашылған 35 сайлау учаскесінде жүріп, Қытайда өмір сүретін 55 ұлттан 438 депутат сайланды.
Бүкілқытайлық халық құрылтайы 13-кезекті тұрақты комитетінің бірінші жалпы мәжілісі 5 наурыз күні Бейжің қаласында өтеді.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |