«Жаңашылдық жаршысы - кітапхана» библиокеруені

23 ақпан күні А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана жанынан жасақталған «Жаңашылдық жаршысы-кітапхана» библиокеруені Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Абай даңғылында орналасқан мекемелер - Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Денсаулық үйі, Облыстық қылмыстық атқару департаменті, облыстық әділет департаменті, Жер комитеті және Парасат мектебінде кітап көрмесін ұйымдастырып, ақпарат сағатын өткізді, жарнама парақшаларын таратты. Шараға аталған мекеме қызметкерлері белсене қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 ақпан 2018 г. 459 0