« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнаулы кітапханасында ХІХ ғасырдағы қазақ позиясының аса ірі тұлғаларының бірі Шөже Қаржаубайұлының 210 жылдығына орай «Ойы орамды, сөзі семсер саңлақ» атты портрет кеші болып өтті.
Кешке кітапхана оқырмандары мен колледж студенттері қатынасты. Кеште Шөже Қаржаубайұлының өмір жолы , бала жасынан аурудың салдарынан зағип болып қалғандығы, Шөже қобыз тартып, өлең айтып ақындық өнерімен күнелткендігі туралы айтылды. Өзінің асқан шешендігімен, суырып – салма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді қозғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шонжарлардың екіжүзді зұлымдығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшкерелеуімен кеңінен танымал болған.
Асқақ жыршы, лирикалық дастандарды шебер орындаушы Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндігімен оған зор ықпал жасаған. Ш.Уәлиханов 1864 жылы 5 наурызда өзінің Омбыдағы пәтерінде Шөже орындаған «Қозы көрпеш – Баян сұлу» дастанының ең таңдаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген.
Шөже айтыстарда шынайы сыршылдығымен, өткір тілімен танылған ақын. Ол ақындықпен бірге әншілік пен композиторлықты да тең игерген. Кеш соңында студенттер Шөже ақынның өлеңдерін оқыды, кеш соңында әсем ән мен күмбірлеген күйге ұласып оқырмандарды бір серпілтіп тастады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |