Жас аналар сынға түсті

Жас аналар сынға түстіЖалағаш. Ауданда мереке қарсаңында «Әйел бақыты баламен» атты жас аналар арасында сайыс ұйымдастырылды. 
Сайыс мақсаты – ана мен балаға деген қамқорлық және қоғамдағы Ананың орны, «Ана» атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісу, алғашқы перзентіне жүкті болушы келіншектерді ана болуға бейімдеу болып табылады. Жүктілікке қатысты сұрақ жауап, бесік жырын айту, жүкті әйелдер сән үлгісі,ас мәзірі - салат жасау, жүктілік туралы әдет-ғұрыптар, өз өнерін көрсету турлары бойынша жас аналар сайысқа түсті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 наурыз 2014 г. 1 304 0