Мол суды қауіпсіз өткізуге дайындық жүргізілуде

Мол суды қауіпсіз өткізуге дайындық жүргізілудеШиелі. Бүгінде Шардара су қоймасынан түскен 1000 куб судың 500 кубы Көксарай су қоймасына жиналуда. Ал, қалған 500 куб Сырдария бойымен ағып келеді. 
Одан өзге комиссия отырысында Шиелі ауданы аумағынан өтетін Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгеттеріндегі аса қауіпті 5 учаске («Бақтысай», «Ақ қала», «Ақтам-Мешеуіл», «Жөлек», «Жіңішке көл» қорғаныс бөгеттері мен су алу қаупі бар 11 елді мекен (Ақмая, Төңкеріс, Қарғалы, Жөлек, Ортақшыл, Бәйгеқұм, Ботабай, Жаңатұрмыс, Иіркөл, Гигант ауылдық округтері, 22 бекет, Ақтам ауылы және Шиелі кенті) анықталып, оларға қатысты инженерлік-техникалық ұйымдастыру шаралары жүргізілген. Оған ТТК Шиелі, Шиелі-Жолшы ЖШС, Мұрап-Сервис ЖШС, ГРЕ-23, КазАтомПром жолдары мекемелері бекітілген. Осы 5 қауіпті учаскеге және су алу қаупі бар 11 елді мекенге төтенше жағдай туындаған жағдайда жұмыс істейтін 14 қызмет, авариялық құтқару, қажетті техникалар мен шұғыл әрекет ету отрядтары дайындыққа келтірілген. «Сондай ақ, Сырдария өзені бойындағы Қарғалы, Жөлек, Қызылқайың, Тартоғай бағытындағы қалқымалы көпірлер мен өткел ағытылып, бар жағдайды 24 сағатқа ұйымдастырылған штабтағы кезекшілік бақылауға алып отыр» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 наурыз 2014 г. 823 0