Мерейлі мереке қарсаңында Бесарық ауылдық округінде ауылдық әкімшілік пен «Бесарық» ауылдық өнер мектебі ұжымының ұйымдастыруымен «Әлемнің жарығын силадың сен маған» атты салтанатты кеш болып өтті.
Ауыл жастарының ана туралы салған әндері, билері мен көріністері кештің сәнін келтірсе, ауыл азаматтарының демеушілігі арқасында 142 анаға сый- сыяпат көрсетілді. Айта кетейік, ауылдан 1 батыр ана облыс әкімінің қабылдауында, 2 ана аудан әкімінің арнайы қабылдауында болып қайтты. Кешке ауданнан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев пен жергілікті мәслихат депутаты Т.Мамуов қатысып, аналарды мерекелерімен құттықтап, игі істі ұйымдастырушы ауыл әкімі А.Абдуллаевқа алғыстарын білдірді. Аудан әкімдігі баспасөз қызметі «Содан кейін ауыл әкімшілігінің ұжымы мен ауданнан келген азаматтар ауылдағы ғасыр жасаған Байкенжеева Жаңыл әженің отбасында болды. Бүгінде 5 баланың анасы, 22 немере, 28 шөбере, 3 шөпшектің әжесі атанып отырған Жаңыл әжені мерейлі мерекесімен құттықтап, аудан әкімі мен ауыл әкімдігі ұжымының құттықтау хаты мен сый- сыяпатын тапсырды.» деп хабарлайды.