ДІН, САЯСАТ ЖӘНЕ ЖАСТАР

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару акаде­миясының облыс бойынша филиалы «Дін, саясат және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш қабылданған мем­лекеттік қызметшілер қатысты.

Жиында облыстық ішкі саясат басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары Аралбек Боранбаев «Діни тұрақтылық – мемлекет дамуының берік тірегі» тақырыбында баяндама жасады.

– Бүгінде жастардың көбісі әлеу­меттік желіде отыра­тын­дықтан же­ліні дұрыс пайда­лануы, әртүрлі де­струк­тивті ағым­­дардың уағызынан абай болуы жөнінде дөңгелек үстелдер, семинарлар өт­кізіп келеміз. Барлық қатысушыларға дін саласындағы не­гізгі мәселелер бойынша ақпараттық-әдістемелік жинақ таратылды, – деді А.Боранбаев.

Облыс көлемінде барлығы 177 діни бірлестік тіркелген. Оның ішінде 163 исламдық, 14 христиандық бір­лестіктер. Облыс­тық ішкі істер депар­таментінің экс­тремизмге қарсы іс-қимыл басқа­рмасының жедел уәкілі, полиция капитаны Е.Саин ­теолог мамандарымен бірлесіп, жазасын өтеп жатқан деструктивті діни ағым ұста­нушыларды дәстүрлі дінге бет бұрғызу мақсатында үздіксіз жұ­мыс­тар жасалып жатқанын баяндады.

– Экстремизм мен ­терроризм көрі­ністерінің алдын алу мақса­тында ха­лық арасында оның ішінде орта және жоғары білім беру орындарында үгіт-насихат жұмысы жүйелі жүргізіліп келеді, – деді ол.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағындағы террористік тұр­ғы­­дағы осал 664 нысан тек­серілді. Тексеру нәтижесімен 18 хаттама толтырылып, айыппұл салын­ған.

 

Шынар БЕКБАН,

«Сыр бойы».

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 ақпан 2018 г. 486 0