Қызылорда. Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында қала әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов биыл 100-ге толып жатқан Хадиша Қарғаева әженің отбасында болып, қарт-ананы мерекемен құттықтады.
Бүгінде Хадиша әжейдің 6 баласы, 24 немересі, 10 шөбересі бар. Әжей ұрпағының көрсетіп жатқан құрметіне алғысын білдіріп, өзі секілді 100 жасауды тіледі. Айта кету керек, Қызылорда қаласында 100 жасқа толған және 100 жастан асқан 6 ана тұрады. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында қала әкімдігі аналарға құрмет көрсету мақсатында бұл аналарымыздың суреттерін үлкен көлемде шығарып, қала көшелеріне іліп қойды. «Ғасыр-ғұмыр иесі – асыл ана» тақырыбымен ілінген билбордтарды қызылордалықтар және қала қонақтары қаланың орталық Жібек жолы көшесінен көре алады.