Кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша семинар-тренинг өтті

21-22 ақпан күндері Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада  «Қаржылық сауаттылық клубы» аясында өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірге «Бизнес-Кеңесші» - кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылды.

 Семинардың  басты мақсаты - кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға бизнесті ашу және оны тиімді жүргізу бойынша кешенді бірыңғай және қол жетімді білім беру. Қатысушыларға кәсіпкерліктің негізгі ұғымдары, психологиялық дайындық, маркетинг, бизнес жоспарлау, кәсіпкерліктің құқықтық негіздері тақырыптарында тренинг өткізілді.

 Тренинг соңында әр бастауыш кәсіпкерге кәсіпкерлік негіздері бойынша «Бизнес сабақтары» оқулығы, кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті нормативтік құжаттар мен келісім шарттардың жасалу үлгілері жинақтары бар арнайы электронды тасымалдағыш таспалар берілді.

 Сонымен қатар «Кәсіпкерлік –қазақстанның жетістікке апарар күші» атты кітап көрмесінен Наполеон Хиллдің «Ойлан және байы»,Бодо Шефердің «Қаржылық тәуелсіздікке жол» Петер Друкердің  «Друкер күнделігі» атты танымал еңбектері мен қатар кез келген кәсіпті ашуға, ең алдымен, бизнес-идея керек болса «Кіші бизнес үшін 100 жоба», О.Сабден, А.Тұрғынбаеваның «Шағын бизнес негіздері», А.О.Сұлтанбекованың «Бизнестегі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар» тағы басқа кітаптарымен танысты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 ақпан 2018 г. 961 0