Жолдауды талқылады

21 ақпанда «НҰР ОТАН» партиясы Қармақшы аудандық филиалының мәжіліс залында Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау капитаны  Е.Е. Назарқұлов, «НҰР ОТАН» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д. Бұханов, Қармақшы ауданы прокурорының көмекшісі Е. Мұсаев, АІІБ бастығының кадр жөніндегі орынбасары полиция майоры Қ. Ерманов және № 5 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының қатысуымен Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауына арналған кездесу өткізілді.
Өз сөзінде азаматтық қорғау капитаны Е.Е Назарқұлов, Президент әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл бөлгені туралы айтып өтті. Болашақтағы жоспарларды анықтай отыра ол әлеуметтік және экономикалық дамудың бірнеше негізгі бағыттарын атап өтті. Бұл – индустрияландыру, ресурстық әлеуетті, агроөнеркәсіп кешенін қарқынды, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін одан әрі дамыту, қор нарығын, құрылыс және коммуналдық секторындағы заманауи технологияларды, білім берудің және денсаулық сақтау жүйесын дамыту, қаржы секторының «қалпына келтірілуі», жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін жоғарылату, адам капиталы - жаңғыртудың негізі, мемлекеттік басқару тиімділігін, еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттыру, «ақылды ел» үшін «ақылды қалалар».
«НҰР ОТАН» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Бұханов, өз сөзінде елдегі өзгерістер бойынша міндеттерді шешуге бағытталған барлық тармақтарға нақты тоқталып, түсіндірме жасады. Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі  бастығының міндетін атқарушы Е.Е Назарқұлов және Қармақшы ауданы прокурорының көмекшісі Е. Мұсаев, ТЖ қызметкерлерінің назарын Жолдаудың сегізінші және тоғызыншы тармақтарына аударды. Онда тиімді мемлекеттік басқару және сыбайлас жемқорлық бойынша міндеттері қойылды. Алдағы жылдары сияқты да, Президент басты міндеттерінің біріне халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру бойынша міндеттерді қойды.
Кездесу соңында Қармақшы ауданы ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Е.Е. Назарқұлов «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Д. Бұхановқа Қазақстан халқына Президент Н.Назарбаевтың Жолдауын түсіндіруге белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Назарқұлов Еркін Есетұлы
Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар
бөлімі бастығының міндетін атқарушы
азаматтық қорғау капитаны

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 ақпан 2018 г. 772 0