Синоптиктердің 22 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 22 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерінде қар жауып, көктайғақ күтіледі, жаяу бұрқасын болады. Сондай-ақ республиканың басым бөлігінде тұман болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады.

Атап айтқанда, Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 20-25 м/с күшейетіні күтілуде.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында оның екпіні 25 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с артады, жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады, Қызылорда облысында көктайғақ болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 ақпан 2018 г. 415 0