« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
«Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен кәріс халқының Жаңа жылы – Сольналь мерекесі тойланды.
Салтанатты кешке облыстағы кәрістер этносы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және барлық этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Мерекеге орай, жиылған қауым алдында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уәлихан Ибраев, «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының жетекшісі Елена Ким және өзге этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, этномәдени орталықтың ардагерлері мен белсенді мүшелеріне сый-сияпат көрсетілді.
Айта кету керек, өткен жылы кәріс этносы Қазақстанда тұрғандарына 80 жыл толғанын атап өтті. Алмағайып кезеңде Сыр еліне Қиыр шығыстан жер аударылған корей этносының өкілдері жергілікті қазақ халқымен біте қайнасып, ынтымақта өмір сүріп, әр салада еңбек етіп, ел дамуына елеулі үлесін қосып келеді.
Ай күнтізбесі бойынша жаңажылдық мереке биыл 16-шы ақпанда тойланды. Жаңа жылда кәріс этносы отбасы құндылығын насихаттауға баса мән береді. Олар жас буынға, өскелең ұрпаққа ата-баба салтын насихаттап, үлкендерді құрметтеуге шақыратын Жаңа жылды тек отбасымен бірге барлық жоралғыларды өз кезегімен орындады. Дәстүрге сәйкес, бұл күні балалары ата-аналарына сәлем беріп, ал ата-аналары оларға жаңажылдық ақша сыйлады. Барлық отбасы мүшелері ханбок ұлттық киімін киді.
Сольналь мерекесінде би де, ән де, ұлттық ойын да болды. Барлық отбасымен бірге юннори және чегичхаги ойнады. Ал, барабаншылардан құралған кәрістер самульнори ансамблі жиылған жұртшылықты өз өнерлерімен баурап алды.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |