Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бүгін аудан әкімдігінің нәзік жанды қызметкерлерін және ауданның өркендеуіне зор үлес қосқан аудан азаматшалары мен ақ жаулықты аналарды көктемнің алғашқы шуақты күндерімен қатар келетін мерекелі сәт - 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен арнайы құттықтап, сый-сияпат жасады.
Одан өзге, жиында осы мереке күндерімен қатар келген әлеуметтік сала ардагері Ұлман Мәмірееваның 90 жасқа, ақын Мария Жұматованың 83 жасқа толған туылған күндеріне тарту жасады. Шара соңында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Оразымбетов пен аудандық мәслихат хатшысы Әшім Оразбекұлы да аудан аналарын мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.