Топ жұмысының нәтижесі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде мемле­кеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абзал Мұхимовтың, департамент жанынан тұрақты жұмыс істейтін арнайы мониторингтік топтың басшысы Анар Ізден және «Атамекен» ҰКП Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ғалым Едігеевтің қатысуымен брифинг өтіп, онда мониторингтік топтың атқарған жұмысы сараланды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен департамент жанынан консультативті – кеңесші орган ретінде іс-шаралар жоспарының тиімді орындалуын жан-жақты бағалау, орындалу сапасын жетілдіруге ұсыныстар әзірлеу мақсатында 2016 жылы арнайы мониторингтік топ құрылған. Топ басшысы Анар Ізденнің айтуынша, бүгінгі күнге дейін топ өткен жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 10 кездесу өткізіп, 23 мәселе қараған, нәтижесінде 41 ұсыным беріліп, олар орындалу үстінде.
– Атап айтқанда, облыстық денсаулық сақтау басқармасына тұрғындар арасында сала бойынша шұғыл байланыс орталықтары туралы кең көлемде насихаттау, Call – орталыққа шұғыл хабарлама түскенде заңдылыққа сәйкес ақпаратты ашып айтуды қамтамасыз ету  ұсынылса, әкімшілік полиция басқармасына жүргізуші куәлігін беру кезінде заң талаптарын қатаң сақтау және басқа да ұсыныстар қамтылды. Жалпы талдау барысында бірлесе жұмыс жасау нәтижесінде 3 мүдделер қақтығысы, 32 нормативтік құқықтық актілердегі коллизиялар, 3 жасырын мемлекеттік қызмет түрлері және көрсетілген мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері арасында 25 қарама қайшылық анықталды, – деп атап өтті мониторинг топ басшысы.
Брифингте департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Абзал Мұхимов арнайы мониторинг топтың басты мақсаты – Елбасы Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдікке жол бермеу, алдын алуға ықпал ету екенін айтты.

Айнұр БАТТАЛОВА,
«Сыр бойы».
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 ақпан 2018 г. 780 0