
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» - деген болатын.
Біздің ұлттық құндылығымыз ана тілінен бастау алады деп ойлаймын.
Бүгінгідей жаһандану дәуірінде еліміз әлемдегі дамыған елдермен иық тіресіп және бүкіл дүниежүзілік ақпарат пен технологияның, білім мен ғылымның кеңістігіне енуі үшін аса қажет латын алфавитін үйрену, меңгеруі және сол алфавитте жазуға көшуге қадам жасауы заман талабынан туындап отыр.
«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта¬ның, ком¬муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр¬дағы ғылы¬ми және білім беру үрдісінің ерекше¬лік¬теріне байланысты», - деп Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу – заман талабы болып табылады.
Мен латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын жаңғыртып, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады деп сенемін.
ҚАНАТ Ботжанов,
Облыстық Жастар ресурстық орталығы
директорының орынбасары