Жалағаш. Аудан орталығында аудандық ішкі саясат бөлімі, ішкі істер бөлімі, «Жастарды қолдау орталығының» аудандық бөлімі және «Темірқазық» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында рейдттік жұмысы өткізілді.
Рейд барысында кент орталығында дүкендерде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге шылым сату фактысы анықталып анықтама толтырылды. Кент орталығында орналасқан мейрамханалардың темекі қалдықтарын және қоқыс заттар салынатын жәшіктері талапқа сай орналастырылмаған. Басқа да дүкендермен асханаларға бірнеше түсіндіру жұмыстары өткізілді.