Жаңақорғанда әжелер сайысқа түсті

Жаңақорғанда әжелер сайысқа түстіЖаңақорған. Ауданға қарасты М.Нәлібаев ауылдық округінде «Менің әжем әлі де, ұқсамайды кәріге» атты аймақтық әжелер сайысы өтті. 
Бес кезеңнен тұрған сайыс барысында әжелер немерелеріне ертегі айтса, енді бірі құрақтан көрпеше құрастырып, кесте тоқып ісмерлік шеберліктерін паш етті. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» кезеңінде ситуациялық жағдаяттарда образға еніп, ұлттық құндылықтарымыздың ұлықталуы жолында салт-дәстүрлеріміздің күнделікті өмірмен сабақтастыра білудің өскелең жас ұрпақ үшін маңызы мол екендігін жеткізе білді. Тартысты да қызықты өткен сайыс нәтижесінде бас жүлдені ақжолдық А.Дүйсенбаева иеленді. Жүлделі орындарды өзгенттік Ф.Әлібекова, алмалылық Ж.Шертекова, қырскеңселік Х.Жүсіпалиева, жаңарықтық Р.Абдикановалар өзара бөлісті.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 наурыз 2014 г. 985 0