Бүгін Жалағаш ауданында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай мерекесіне орай сәукелелер байқауы өткізілді. Оған аудандағы 20-дан астам түрлі мекемелер мен кәсіпорындардан командалар келіп, жұртшылық назарына 260-тан астам сәукеле ұсынылды
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абзал Қанбаевтың айтуынша, осы арқылы жас ұрпақ бойында ұлттық салт-дәстүрге деген құрметті арттыруға әбден болады. Өйткені, бүгінгі буын көп жағдайда қазақтың салт-дәстүрінен хабарсыз болып жүргені белгілі. Аталмыш байқауға балабақшалар мен мектептегі технология пәнінің мұғалімдері қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша аудандық оқушылар үйінің ұжымы бас бәйгеге ие болды.