« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Ғасырлардың ғасырларға іріктеліп, сұрыпталып, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отыратын асыл мұрамызды қастерлей білгеніміз жөн. Халқымыздың тарихи, өміршең тәрбие берерлік музыкалық мұраларын айтқанда даңқты бабамыз Құманғазыға соқпай өте алмаймыз.
Өйткені Құрманғазысыз Қазақстанның мәдениетін, Қазақстанның музыка өнерін елестету мүмкін емес. Бүгін А.С.Пушкин атындағы орталық қалалық кітапханада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазақ халқының ұлы күйші – композиторы, дүниежүзілік мәдениеттің аса биік тұлғасы – Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығын кітапхана оқырмандарына кеңінен насихаттау мақсатында «Күй тәңірі» атты өнер кеші ұйымдастырылды. Өнер кеші кітапхананың ең кішкентай оқырманы Көпжасарова Ақботаның «Сен мәңгісің! Төкпе күйдің тарланы» атты өлеңі мен «Халыққа жеткіз күйімді» атты Құрманғазы мен шәкірті Дина Нұрпейісова екеуінің арасындағы көрініс – диалогтан басталды. Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің 3 курс студенттері: Әшімхан Нұрғали, Бейбіт Темірхан, Құрақбаев Бекарыс, Тоқтар Айсұлтан, Пірмахан Кенжебек пен 4 курс студенті Жомарт Бақытов қатысып, Құрманғазының «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлерін нақышымен орындап, әр күйдің шығу тарихына тоқталып өтті. Кеш қонақтары ардагер ұстаз, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР журналистер одағының мүшесі Қосанов Оразбай Сағындықұлы мен ардагер ұстаз Қасымов Жұматай қатысып Құрманғазы туралы өз ойларымен бөлісіп, жастарды рухани мәдениетімізді, Құрманғазының күйлерін, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үнін дәріптеуге, ұлтжандылыққа шақырды. Сонымен бірге кеш барысында көрермендер Құрманғазының өмірі мен шығармашылығына арналған «Күй атасы» атты кітап көрмесімен танысып, өздеріне қажетті ақпараттар алды. Өнер кеші өте әсерлі, әрі мазмұнды өтті.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |