Мақсаттар мен міндеттер баяндалды

Облыстық баспасөз орталығында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын іске асыруды сырттық талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топтың брифингі өткізілді.
Брифинг барысында топ төрайымы А.Ізден топтың жаңа құрамын таныстырды, топтың 2017 жылы атқарған жұмыстары және алдағы уақытта атқарылатын мақсаттар мен міндеттер туралы баяндады.
Департамент басшысы А.Мухимов мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауда арнайы мониторингтік топтың қосқан үлесіне тоқталған болса, топ мүшесі Ғ.Едігеев кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша талдау жүргізу маңыздылығын атап өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 ақпан 2018 г. 894 0