
ҚР Әділет министрлігі Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторын жақсарту мақсатында 2018 жылғы 19-23 ақпан аралығында «Контрафакт» республикалық акциясын өткізуді жоспарлаған.
Осыған орай 16 ақпанда әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Ы.Жахаев атындағы күріш ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ғимаратында Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы көрсеткішін көтеру мақсатында «Кәсіпкерлік және зияткерлік меншік, зияткерлік меншікті қорғау мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Жастар ресурстық орталығы, республикалық қоғамдық бірлестіктер, ғалымдар, кәсіпкерлік субъектілері, құқық иеленушілер, жастар өкілдері қатысты.
Семинарда зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау және кәсіпкерлер мен құқық иеленушілерді меншік объектілерін заңсыз пайдаланушылармен күресті күшейту, зияткерлік еңбекті, кәсіпкердің еңбегін қорғау, жастарға кәсіпкерлікті ашуды үйрету жолдары, контрафактімен күрес мәселелері, тауар таңбаларын құқықтық қорғау шаралары, жалған және сапасыз өнімнің айналымына қарсы іс-қимыл проблемалары туралы мәселелер талқыланды.